Екінші әйелге неке қиған имамдар жазаланады

Dalanews 19 июн. 2017 13:19 748

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев 15 маусымда имамдардың және діни қызмет өкілдерінің қатысуымен селекторлық жиналыс өткізді.

Жиналыс барысында ол көп әйел алу жөнінде пікірін білдірді. Ол екінші әйел үшін неке рәсімін жасаған молдадар заң алдында жауап береді деді. Президенттің сөйлеген сөздері YouTube-та қызу талқыға салынып жатыр. Бұл жаңалықты ВВC арнайы да көрсеткен.
− Соңғы уақытта шариғат заңы бойынша екінші әйелге үйленіп жатқан оқиғалар көбейіп кетті. Әсіресе ресми тіркелмей, тек мешіттерде некесін қидыратындар Ташкентте өте көп. Екінші әйелден заңсыз туылған балалардың ертеңгі тағдыры қалай болады? Құрметті имамдар, мұндай балалар сіздердің арларыңызға сын, − деп мәлімдеді Мирзиеев.

Өзбекстан президенті сонымен бірге азаматтардың ресми тіркеусіз некесін қиған имамдарды жауапқа тартатын заң қабылданатынын айтты.

 

 

https://dalanews.kz/27849

Рекомендовать
Последние новости