Екі дәрежелі командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды

Dalanews 14 мар. 2019 03:37 519

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысы авиация генерал-майоры Нұрлан Жанайдарұлы Карбеновтың жетекшілігімен Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшылығымен, Радиоэлектроника және байланыс әскери-инжинерлік институтының профессорлық-оқытушылық құрамымен және бағынышты әскери бөлімімдерінің қолбасшылықтарымен 2019 жылғы 12 наурызда үш күнге созылған екі дәрежелі командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталды.

         Командалық-штабтық оқу-жаттығуының ерекшілігі – дағдарыс жағдайында мемлекетіміздің әуе кеңістігін қорғау бойынша міндеттерді жүзеге асыру барысында басқару органдарының тиісті іс-қимылдарды меңгеруі. Ондағы мақсат – жауынгерлік әзірлік, жауынгерлік кезекшілік, дабыл бойынша іс-әрекеттер, қару-жарақ пен әскери техниканы пайдалануды ұйымдастыру, жеке құрамның әскери тәртібі мен моральдық-психологиялық жай-күйі бойынша мәселелерді тексеру.

Оқу-жаттығу жетекшісінің шартты өкіміне сәйкес, қосалқы командалық  пункттері жазылып, жауынгерлік кезекшілік міндеттерін атқаруға кірісті.

Аталған командалық-штабтық оқу-жаттығуы Отанымыздың аспан қорғаушыларының теориялық білімін арттырып, оны іс жүзінде іске асыруына және бекітуіне зор көмегі тиеді деп ойлаймын.

 

Азамат Жағалбаев, 25750 әскери бөлімінің офицері (баспасөз-хатшысы), майор.

Рекомендовать
Последние новости