Екі адамның өлімі: Жүгіру марафондарына қойылатын талап күшеймек

Көркем Алдабергенова 21 апр. 2025 11:53 192

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Алматыдағы жүгіру марафоны кезінде болған жайтқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Министр Алматыда өткен жартылай марафон кезінде екі қатысушының қаза табуы – ауыр әрі ерекше назар аударуды қажет ететін жағдай екенін атап өтті.

"Қазіргі уақытта оқиға бойынша толыққанды тексеріс жүргізіліп жатыр. Қатысушылардың денсаулық жағдайы, жарысты ұйымдастыру тәртібі, медициналық қамтамасыз ету деңгейі мен қауіпсіздік регламенті жан-жақты сарапталады. Жергілікті атқарушы органдар өткізетін мұндай шараларға талапты күшейтеміз. Бұқаралық спорт қауіпсіз әрі кәсіби деңгейде ұйымдастырылуы тиіс. Туризм және спорт министрлігі бұл бағытта нақты ұсыныстар әзірлеп, тиісті құрылымдарға жолдайды. Қаза болған азаматтардың жақындарына көңіл айтамын!", дейді министр. 

Айта кетейік, күні кеше Алматыдағы жүгіру марафоны кезінде 21 және 84 жастағы екі адам қайтыс болған еді. 

 


Рекомендовать
Последние новости