Тоқаев Үкіметтің өрескел олқылығын атады

Сағыныш Сардарова 18 апр. 2025 18:10 647

Мемлекет басшысы Жаңаөзендегі газ өңдеу зауыты құрылысының кешігуін Үкіметтің өрескел олқылығы деп атады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Мен бұған дейін Жаңаөзендегі газ өңдеу зауытын 2024 жылға қарай іске қосу туралы тапсырма бердім. Бірақ түрлі рәсімдер созылып, мердігермен келісім-шартқа былтыр ғана қол қойылды. Соның салдарынан зауытты іске қосу мерзімі 2027 жылға қалып қойды. Бұл – Үкіметтің өрескел олқылығы. Үкімет осы мәселені қатаң бақылауға алуы керек", - деді Президент.


Рекомендовать
Последние новости