Досаев: "Біз де адамбыз, мінсіз әкім емеспін"

Сағыныш Сардарова 31 янв. 2024 13:18 2260


Алматыдағы аудандардың халқымен кездесуде түрлі жауаптарымен жиі сынға қалатын қала әкімі Ерболат Досаев бұл жолы Алмалы ауданындағы тұрғындармен кездесіп, екі жыл уақыт ішінде қала басшысы ретінде не істегенін айтты, - деп хабарлайды Dalanews.kz.


Оның сөзінше, осы уақыт ішінде не істесе де шын жүрекпен жасаған.



"Алматының дамуы үшін шын жүректен жұмыс істеп жатырмын. Көп нәрсе жасалды. Кейбір нәрселерге үлгермедік, бұл - бөлек әңгіме. ...Сұрақтар болып жатса, саңырау емеспіз, естиміз. Мәселелерді шешуге, сізбен, сіздердің идеяларыңызбен, сауалдарыңызбен алға жылжуға тырысамыз. Бірақ біз де адамбыз, ешкім мінсіз емес. Мен де әкім ретінде мінсіз емеспін. Бірақ екі жыл ішінде әртүрлі (жайт - еск.) болды, уақыты келсе, айтып беремін", – деді ол.




Рекомендовать
Последние новости