«Дөңгелекті емхана» шалғай ауылдарға жол тартты

Dalanews 03 мая 2024 13:25 4725

Дәрігерлер бригадасы бар медициналық пойыз Астанадан 147 шалғай ауыл тұрғындарына тегін амбулаториялық көмек көрсету үшін жолға шықты, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараты бойынша, осы жылы «Дөңгелектегі емхана» өз жұмысын су тасқынынан зардап шеккен батыс өңірлерден бастайды және 90 мың ауыл тұрғындарын медициналық қызметтермен қамтуға бағытталған.

«Жобаның арқасында станциялардың және оған іргелес елді мекендердің тұрғындары білікті дәрігерлерден консультация алып, тексеріле алады. Биыл алғаш рет маммограф сатып алынды, оның қызметтері де халыққа қолжетімді болады. Пойыз жұмысына 14 арнайы маман қатысады. Пойыз қызметінің арқасында патологияны ерте кезеңде анықтау мүмкіндігі артып келеді», - деді Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев медициналық пойызды шығарып салу рәсімінде.

Дәрігерлік бригаданың құрамында терапевт, хирург, педиатр, психолог, невропатолог, ультрадыбыстық диагностика маманы, жалпы практика дәрігері, рентгенолог, кардиолог, стоматолог, офтальмолог, отоларинголог, онколог-маммолог, гинеколог және уролог медициналық көмек көрсетеді.

Консультациялық-диагностикалық көмектен басқа, медициналық пойыз мамандары шағын операциялар жүргізе алады, стационарларға жоспарлы емделуге жолдама бере алады.

Медициналық бригада әрбір станцияда орта есеппен 1-2 күн болады.


Рекомендовать
Последние новости