Қазақстан қор биржасында (KASE) 2025 жылғы 26 наурызда сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күндізгі сауда-саттық тоқтатылды. Оның қорытындысы бойынша 1 АҚШ долларының орташа бағамы 501,81 теңгені құрап, бір тәулікте 0,20 теңгеге аздап арзандады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Мұнайдың әлемдік нарықтағы бағасы әлі құбылмалы: біресе төмендеп, біресе көтеріледі. Бұл жолы баға көтерілді. Тағы да "қара алтын" бағамына АҚШ президенті Дональд Трамптың шешімі әсер етуде.
ICE Futures электрондық сауда биржасында Brent маркалы мұнайдың сәуір фьючерстерінің құны 0,76%-ға қымбаттап, 1 баррелі 72,96 долларды құрады.
NYMEX электронды сауда биржасында WTI маркалы мұнай құны 0,77%-ға арзандап, 1 баррелі 72,95 доллар болды.
Таңертең Ұлттық банк бекіткен 1 АҚШ долларының ресми бағамы 502,83 теңге болған еді.
Сарапшылар 1 АҚШ долларының құны алдағы бір апта бойында 503-505 теңге аралығында тұрақтайды деп санайды. Өйткені олар ұлттық валютаның жақын күндері нығаюына ықпал етуші факторлар байқалмайтынын айтады.
Сонымен 26 наурызда ақша айырбас орындарында шетел валюталары төмендегі бағамдар бойынша сатылуда:
Астана
- 1 АҚШ доллары: сату – 499,02 теңге, сатып алу – 505,1 теңге.
- 1 евро: сату – 540,1 теңге, сатып алу – 547,1 теңге.
- 1 рубль: сату – 5,72 теңге, сатып алу - 5,92 теңге.
Алматы
- 1 АҚШ доллары: сату - 501,35 теңге, сатып алу – 503,57 теңге.
- 1 евро: сату – 540,97 теңге, сатып алу – 546,60 теңге.
- 1 рубль: сату – 5,76 теңге, сатып алу - 5,91 теңге.
Шымкент
- 1 АҚШ доллары: сату – 501,40 теңге, сатып алу – 504,42 теңге.
- 1 евро: сату – 542,18 теңге, сатып алу – 547,02 теңге.
- 1 рубль: сату – 5,8 теңге, сатып алу - 5,86 теңге.
Айта кетсек, осы айда теңгеге шаққанда америкалық валюта бағамы 17 ақпанда ең төменгі шегін игерген еді. Ол кезде 1 АҚШ доллары 495,28 теңге болды. Сондай-ақ бұған дейін Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы 2025 жылғы сәуір айына, сондай-ақ жыл соңында 1 АҚШ доллары құнына қатысты өз болжамын жариялаған болатын.