«Дождьтың» жабылуы Байтасовқа қатты батыпты. Орыстың қашқын либералдары неге шулап жатыр?

Dalanews 12 дек. 2022 03:21 989

Ресейден шетелге бас сауғалап қашқан орыстың «Дождь» телеарнасы Латвияда лицензияға ие болып жұмысын жалғасытрған еді. 8 желтоқсанда теларна латыштардың заңын бұзып, эифирге шығу мүмкіндігінен айырылғаннан кейін бұл турасында оймызды жазған едік. Бүгінде Путин режимімен әңгімесі жараспай, шетелге қашқан орыстың либералды саясаткерлері ұлардай шулап, «Дождьқа» ара түсіп жатыр. Оларға біздің Арманжан Байтасов та қосылды. 

 

Байтасов түсінбейтін не бар?

Латвияның Электронды ақпарат құралдары жөніндегі Ұлттық кеңесі «Джодьты» лицензиядан айырғаннан кейін, оны қорғайтындар Украинада да табылған еді. Біз өз мақаламызда орыс тілді ақпарат құралдары десе емешегі үзілердей болатындардың Қазақстаннан да табылатынын айтқан едік.

Айтып ауыз жиғанымызша, болмады, елімізде белді медиа-менеджер Арманжан Байтасов «Дождь» арнасының лицензиядан айырылғанына қамығап, осы мәселені «түсіну» үшін бұрын Путиннің спичрайтері болған Аббас Галлямовтан сұхбат алып, мәселенің ақ-қарасын айыруға тырысыпты.

Шындығында бұл жерде Байтасов түсінбейтіндей түк те жоқ.

Латвияның Электронды ақпарат құралдары жөніндегі Ұлттық кеңесінің жетекшісі Иварс Аболиньш мырза «Дождь» арнасының заң бұзғанын, ескертуге құлақ аспағанын ашып айтқан-ды. Сол себепті телеарнаны лицензиядан айырған.

Орыс арнасы десе ішкен асын жерге қоятын Арекеңе «түсінікті» болуы үшін «Джодь» телеарнасының қандай заң бұзғанын есіне сала кетейік.


«Дождь» Латвияның хабар тарату лицензиясына ие болғанда – өздері дайындаған ақпараттарын латыш тіліне аударып, экранның арнайы жолағында қосымша дыбыстауға міндетіне алған.

Бірақ лицензия қолға тиген соң, «Дождьтың» редакциясы бұл талапты орындамайтынын ашық айтқан. Заңды орындамай жұмыс істеу орыстар үшін қалыпты дүние болғанымен латыштар үшін нонсенс қой. Бұдан кейін латштар айыппұл салып, ескерту жасайды. Бірақ оған «Дождь» арнасы пысықырып та қарамаған.

Біздің елде де 30 жыл бойы заңның орындалуы қиын болды ғой. Сол себепті Байтасовқа заңды орындамағаны телеарнадан лицензияны алып қою түсініксіздеу болып күрінуі мүмкін.

Бұдан басқа «Дождь» арнасы Қырымды Украинаның территорясы деп санайтын елде ақпарат таратып отырып, бір хабарында Қырымды Ресейдің бір пұшпағы етіп бейнелеген картаны пайдаланған.


Бұл аз десеңіз, арнаның журналисті Алексей Коростелев хабарын жүргізіп отырып, майдан шебіндегі окупанттарға жаны ашып, оларға қажетті киім-кешек жинау турасында ойын ортаға салған ғой.

Міне, осыдан кейін Латвияның Электронды ақпарат құралдары жөніндегі Ұлттық кеңесі лицензияны қайтарып алу туралы шешім қабылдаған. Осыны медиамагнат Арманжан Байтасов түсіне алмапты.

 

Қазақ журналистикасын ойлаңыз, «Дождьты» қайтесіз?

Қазақ журналистері қандайда бір қиындықтарға тап болса медиа саласындағы ірі маман Арманжан Байтасов оларға ара түсіп, азаматтық танытқанын көрмедік.

Айталық, өткен жылы Жамбыл облысындағы Байзақ ауданындағы оқ-дәрі қоймасында жарылыс болғанда жабылдық журналисті құқық қорғау органдары «жалған ақпарат таратты» деп ары-бері сүйрелегенде осы Арекең төбе көрсетуге жарамады.

Тіпті, Байтасов өзі мекендейтін Қазақ елінде мұндай жағдайды орын алғанын білмей де қалды-ау (бекер жазғырып отырмыз-ау).

Бұдан шығатын қорытынды, Арекеңді қазақтілді аудаитория қызықтырмайды. Бүгінде олар орыс тіліндегі қазғазға басылып шығатын Forbes журналын шығарып, Қазақстанда орыс тілін ғұмырын ұзарту ісімен айналысып жүр емес пе?

Бүгінде Forbes журналының орыс тіліндегі бірден-бір жалғаз нұсқасын Байтасов шығарып келеді. Бұл үшін мақтануға бола ма?..


Сондықтан алыс Лавтияда «Дождь» арнасының лицензиядан айырылғанына Байтасовтың қабырғасына қатты батып, бар шаруасын жиып қойып, бұл мәселені Аббас Галламовпен талқылағанын түсінуге болады.

 

Путинді тақтан тайдыру – әлемдік мәселе ме?

Тегі башқұрт Аббас Галлямов кезінде Путиннің спичрайтері болғанын әңгіме басында айттық. Путиннің режимін сынап, орыстың көптеген либералдары секілді елден кеткенін де білеміз. Ол қазір Израильді паналауда.

Аббас Галлямов лицензиясынан айырылған «Дождь» арнасында жиі шығатын саяси сарапшылардың бірі. Сондықтан ол өзін көпшілікке танытып жүрген «Дождь» арнасына шаң жуытпай, қорғаштайтыны белгілі.

Галлямов Байтасовқа берген сұхбатында «Дождь» арнасын Путин режимімен күресіп жүрген басты қаһарман ретінде сипаттапты.

Ол әңгіме арасында 2018 жылдан бері Путиннің рейтингісін төмендетуге Навальныймен бірге «Дождь» арнасы ықпал еткенін де атап өтіпті. Сол себепті бүкіл әлем «Дождь» арнасына рахмет айтуы керек екен.

Әңгіменің ашғын айтсақ, Путинді тақтан тайдыру – ол Ресей азаматтарының шаруасы емес пе? Путинге сайлауда дауыс берген президент етіп сайлаған латыштар емес, орыстар ғой.


Шетелде саяси иммиграцияда жүрген орыс либералдарына ерік берсек, «Дождь» арнасы Путинге қарсы шыққаны үшін басынан сыйпап, заң бұзса үндемеу керек сияқты.

Путин бірінші кезекте, өзге елдің емес, Ресей азаматтарының проблемасы екенін орыстардың өздері түсінбеуде. Егер мұндай ұғым-түсінік түбірімен өзгермесе жақын жылдары Ресейде азаматтық қоғам орнамайтыны анық.

 

Империялық дертке шалдыққан жалғыз – Путин емес!

Бұдан басқа Галлямов «Латвия антипутиндік саясат ұстанудың орнына, антиресейге саясат ұстанады» деп ренжіпті. Бұл жерде Галлямовтың ренжуі тіпті орынсыз.

Жалғаз латыштар емес дәл қазір посткеңестік елдерді былай қойғандан Америкадан бастап, Еуропа елдері толықтай Ресейге қарсы.

Галлямовтың ойынша, Ресейде империялық дертке шалдыққан жалғыз Путин сияқты. Қалған жүздеген миллион ресейліктер судан ақ, сүттен таза.

Ойлаңызшы, Ресей халқының көп бөлігі империялық дертке шалдықпаған болса, Украина мен Ресей арасында соғыс болар ма еді? Әрине болмас еді.

Путин жүздеген миллион ресейліктерді аттап өтіп, Украинаға жалғыз өзі басып ала алмайды ғой. Бүгінде Путин өзінің империялық саясатын қолдайтын миллиондаған ресейліктерге арқа сүйеп, өз ойын жүзеге асыруда.  


Осы тұрғыдан алып қарасақ, Галлямовтың антиресейлік саясат ұстанып отырған Латвияны айыптайтын жөні жоқ.

Латыштар жүз жылдан бері өзінің тәуелсіздігі үшін орыс басқыншыларымен күресіп келді. Бұл бағыттағы күрес әлі тоқтаған жоқ. Латвияда орыс тілділер әліде болса бұра тартып, ел ішіне лаң салудан тайынбайды. Олар Ресейдегі қалың орысты арқа тұтатыны жасырын емес.

Осындай жағдайда Латвия билігінің антиресейлік саясат ұстануын түсінбеген сыңай таныту Галлямов үшін ұят.

 

Путинді жөнге салатын орыс халқын көрмедік

Латыштар «Дождь» арнасының заңды аяқ асты еткені үшін лицензиясынан айырды. Ал саяси иммиграцияда жүрген либералдар істі саясиландыруға тырсып жатыр.

Бұдан орыстың либералдарына да империялық дерттің шалығы тигенін байқауға болады. Ал мұндай адамдардан сұхбат алып, «Дождьқа» жанашырлық тантқан Арманжан Байтасовтың іс-әрекетін тіпті ақтауға келмейді.

Бүгінде Путинді сынаушылардың бәрі Украина мен Шығыс Еуропа елдерін паналауда. Олардың бәрі Путиннің тақтан тайғанын армандайды.

Бас сауғалап жүрген либералдардың ойынша, Путинді тақтан тайдыру үшін күресіп жүрген ақпарат құралдары өзге елдің заңын бұзса, үндемей қоя салу керек екен.

Егер әңгіменің ашығын айтсақ, бүгінде Латвия да, Америка да Путинді тақтан тайдыруды көздеп отырған жоқ.


Путин – Ресей азаматтарының проблемасы. Жақсы болсан, жаман болсын ол сол елдің басшысы.

Қазіргідей дамыған заманда бір ел келесі бір елдің басшысын тақтан тайдыратын құқы жоқ.

Ал мұны Ресейдің либералдары мен халқы түсінбейді. Орыстың озық ойлы азаматтары осылай ойласа, өзгесінен не сұрауға болады?

Егер мықты болса, өздері Путинді тақтан тайдырмай ма? Тайдыра алмайды. Соғыс басталған сәтте алдымен орыстың зиялы қауымы шетелге қашты (арасында Галлямов та бар). Ал мобилизация басталғанда қалғандары көрші елдерге ауа көшті.

Путиннен қағажау көрген орыстардың ойынша бүкіл әлем Путинді тақтан тайдыру міндетін мойнына алуы керек екен. Бұл – дұрыс па? Әрине дұрыс емес.

Егер «Дождьтың» сынан Путин тақтан тайса, осыған дейін бір емес, он Путиннің қолынан билікті жұлып алатын уақыт болды емес пе?

Путинді есіртетін де, үнін өшіретін де Ресей азаматтары.


Өкінішке орай, Путинді жөнге салатын батыр халықты көріп тұрған жоқпыз.

Қайта Путиннің саясаты мен мобилизациясынан жөңкіле қашқан әлжуас, болашақпен ісі жоқ орыстарды көріп тұрмыз. Ең құрмағанда қастарындағы ақорыстан (белорус) үлгі алмай ма?

Нұрлан ЖҰМАХАН    

Рекомендовать
Последние новости