Алматы облысында халықтың интернетке қол жетімділігі 99,9%-ды құрайды

Dalanews 12 дек. 2022 04:09 1066

Алматы облысында 423 мектеп бар оның 387-і ауылдық жерлерде. Аталған білім ұялырының барлығы дерлік интернет желісіне қосылған.  Бүгінгі күні Алматы облысында IT-сыныптар саны 60-ты құрайды. Сонымен қатар қосымша 9 STEM кабинет сатып алынды.

Бұдан бөлек аймақтағы медициналық мекеме саны 3182-і құрайды. Олардың барлығыда компьютерлік техникамен жабдықталған. Сондай-ақ, Алматы облысында 339 медициналық ұйым қызмет көрсетеді. Олардың 98% интернеттен таршылық көріп отырған жоқ.

Осы орайда, аймақта «Жетісу», «ДамуМед», «103 Көмек» медициналық ақпараттық жүйелері жұмыс істейді (бұдан әрі - МАЖ), медициналық жүйелер деректерінің арнайы мобильді қосымшалары іске қосылғандығын атап өткен жөн.

Өңірдегі цифрландыру жұмысының қарқын аулының бір көрінісі мемлекеттік жеке меншік әріптестік аясында 14 ұйымда PACS (суреттерді табыстау және мұрағаттау жүйесі) бейнелерін мұрағаттау және табыстау жүйесі орнатылған және «Жетісу» МАЖ-мен біріктірілген.

Соның арқасында 2019-2022 жыл аралығында 600 мыңнан астам зерттеу жұмыстары жүргізілді.

Айта кетейік, облыста «Е-Өтініш» жүйесі де жүйелі жұмысы атқаруда.  Аталмыш жүйенің  қоданысқа енуінің нәтижесінде аймақтағы мемлекеттік органдардың түгелдей дерлігі «Бұлтты құжат айналымына» көшті.


Кең жолақты интернетке қолжетімділікті қамтамасыз ету ісіне келер болсақ, облыста әртүрлі технологиялар бойынша 380 ауылдық елді мекеннің 370 ауылдық елді мекен (97,4%) интернет желісіне қол жеткізген.

Интернет желісіне қосылмаған 10 ауылдық елдімекен қалды. Бұл ауылдарда  328 адам тұрады. Бүгінде Алматы облысында халықтың интернетке қол жетімдігі 99,9%-ды құрап отыр.

Қазіргі уақытта 380-ден 363 ауылды елді мекен (95,5%) мобильді интернетке қол жеткізе алады. Олардың ішінде 281 ауылдық елдімекенде 4G бар. Ғаламторға кедергісіз қосылуға мүмкіндік алғандар қатары күннен-күнге артып келеді. Оған дәлел, 2021 жылы Жамбыл ауданының Бұлақ ауылына мобильді интернеттің тартылуы.

Ағымдағы жылы FWA технологиясы бойынша Балқаш ауданының Қараөзек ауылы, Жамбыл ауданының Еспе, Жартас ауылы, Кеген ауданының Қызылжар ауылына интернет тарту көзделініп отыр. Осылайша, облыстағы шалғай ауылдардың тұрғындарына әлем жаңалығын әп-сәтте көріп, білуіне жол ашылайын деп тұр.

Облыстағы цифрландыру ісінің алға басуының бірден-бір көрінісі мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің автоматтандырылуы. Өңірде жалпы алғанда 173 мемлекеттік қызмет түрі облыс халқы үшін көрсетіледі, оның 162-сін электорнды түрде алуға болады.

Бір ғана білім және спорт салаларын алар болсақ, аймақтағы екі салада 12 мемлекетітк қызмет автоматтандырылған. Бұл қатарда 2021 жылы «тұрғын үй сертификаттарын беру» мемлекеттік қызметі де бар.


Тіпті ауыл шаруашылығында егіс алқаптары да цифрландыруға кірктірліген. Бүгінгі күні Алматы облысында «цифрлық және ілгері» деңгейдегі 17 ферма жұмыс істейді.

Жаһандану дәуірінлегі жаңа Қазақстанда цифрландыру ісі барлық саланы қамтығаны ақиқат. Бұл тұста Жер қатынастары мен сәулет саласында аймақтық геоақпараттық жүйе (РМАЖ) енгізілгендігін атап өткен абзал.

Жоба аясында Қонаев, Ұзынағаш, Қаскелең, Өтеген Батыр, Талғар, Есік қалалары сынды облыстың 6 елді мекенінде инженерлік коммуникацияларды топографиялық түсіру, елді мекендерді аэрофототүсірілім, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін автоматтандыру бойынша жұмыстар жүргізіліп келеді.

Рекомендовать
Последние новости