Джиу-джитсу шеберлері бас қосты

Dalanews 24 февр. 2015 23:14 1750

Таяуда Қазақ гуманитарлық заң университетінің спорт залында спорттық Джиу-джитсу
профи файт жекпе-жегінен Қазақстан чемпионты болып өтті. Айтулы шараға еліміздің он облысынан 150 елуге жуық жас өрендер жиналып, мықтыларды анықтады.


 

[caption id="attachment_9506" align="alignright" width="247"]алшынбаев Ерлан Алшынбаев[/caption]

Қазіргі таңда мұндай спорттық шаралардың кідіріссіз, уақытында өтіп тұруына қаржы қолбайлау болатыны жасырын емес. Мұндай қиындықтарға қарамастан джиу-джитсу жекпе-жегімен айналысатын жастар арасында Қазақстан чемпионтатының өтуі маңызды оқиға деп есептейміз. Спорттық, әлеуметтік іс-шараларға ұдайы қолдау көрсетіп, жақсы істердің ұйытқысы болып жүретін Ерлан Алшынбаев бұл жолы да джиу-джитсу жарысының өз деңгейінде өтуіне барынша қолдау көрсетті. Тұрымысы төмен отбасыларға тұрақты түрде көмек қолын созып келе жатқан Е.Алшынбаев өзге аймақтардан келген 80 баланы қанатының астына алып, олардың жарыс аяқталғанға дейінгі жатын орны мен ас-ауқатын көтеріп алды. Жарысты ұйымдастырушылар бұл жарыстың өтуіне айрықша қолдау болғанын айтып, алғысын білдірді. Өз кезегінде атымтай жомарт Ерлан Алшанбаев:

– Қазақтың небір талантты жастары ауылдарда жүр. Сондықтан біздер жас жеткіншектердің спортпен айналысып, бос уақыттарын пайдалы іске жұмсауына жағдай жасауымыз керек. Қазіргі таңда мемлекеттің қолдауымен алыс ауылдарда спорт алаңдары мен түрлі үйірмелер жұмыс істей бастады. Осындай шағын орталықтарды шынығып, шымыр болған қазақ баласы болашақта үлкен жарыстарда еліміздің намысын қорғап, көк байрағымызды биік желбірететіне сенімдімін. Алдағы уақтты біздер қоғам болып осындай байрақты бәсекелердің өтуіне мұрындық болуымыз керек, – деп көкейге түйген ойын ортаға салды.

Нұрлан ЖҰМАХАН.

Рекомендовать
Последние новости