Дін істері министрі: "Машалланың" орнына "Құдай қаласа" деп айтуға болады ғой

Dalanews 14 окт. 2016 09:31 820




Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәжілісінде ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев соңғы жылдары елімізде жиі қолданып жүрген «ифтар», «машаллах» секілді араб тіліндегі сөздерді қолданбауға кеңес берді, деп хабарлайды Baq.kz.




«Қазақ тілі өте бай. Сондықтан кірме сөздерге қолданбауға тырысайық. Бүгінгі таңда кейбір азаматтар кірме сөздерді қолдануға құмар. Оған мысал ретінде «ифтар», «машаллах» сөздерін» айтуға болады. Әйтпесе, «ифтарды» қазақ халқы осы уақытқа дейін ауыз ашар, «машалланы» құдай қаласа деп айтып келді ғой. Сондықтан теріс ағымдарға тойтарыс беру үшін біз өз рухани құндылығымызды сақтап қалуымыз керек. Сол кезде жастарымыз жат ағымдарға ермейтін болады», – дейді Н.Ермекбаев.

Оның айтуынша, теріс радикалды идеологияға қазақ дәстүрімізбен ғана тойтарыс бере аламыз. Айта кетейік, соңғы жылдары сәресін- суһу, ауызашарды-ифтар деп айту белең алып кеткен болатын.


 

Рекомендовать
Последние новости