Депутат ұлттық құндылығымызды қорлап жүргендерге арнайы заң қабылдауды ұсынды

Қаракөз Амантай 28 июн. 2024 12:30 4481

Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтай ұлттық құндылықтарымызды қорғайтын заң қажет екенін жеткізді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Шет елден келген эстрада әншілері, басқа да әркімнің иығына жаба беретін ол (шапан – ред.) қолжаулық емес. Қазақтың шапаны хан кисе де, қара кисе де, қастерлеп киген ұлттық қастерлі мүлкіміз. Сондықтан да біз шапанның қадір-қасиетін төмендетпеуіміз керек. Қазақтың шапанындағы әр оюдың өзі «сөйлейді». Оның өзі үлкен мәдениеттің үлгіс", -  деді депутат.

Осы тұста ол белгілі бір шектеулер енгізіп, заң қабылдауды ұсынды.

"Біз кеше ғана мұхиттың ар жағына барған өнер ұжымы жалаңаш үстіне ою жапсырып алып барғандығы – төл мәдениетіміз бен ұлттық құндылықтарымызға түскен қара таңба. Алдағы уақытта ұлттық құндылықтарымызды қорғайтын заң керек деп ойлаймын. Ою-өрнек, шапанымызды заңмен қорғауымыз қажет", - деді.

Еске салайық, бұған дейін америкалық рэпер Snoop Dogg-пен бірге АҚШ-та ән шырқаған Kesh You тобының сахналық киімі көпшіліктің сынына ұшыраған еді.


Рекомендовать
Последние новости