Депутат Түркістан облысында ауылдарға газ беріліп, мал бордақылайтын алаңдар іске қосылғанын айтты

Dalanews 01 апр. 2021 05:12 897

Бүгін «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының орынбасары, облыстық мәслихат депутаты Калыйма Жантөреева «Депутатқа сұрақ қой» айдары бойынша тұрғындармен әлеуметтік желіде тікелей эфирде жүздесті, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Депутат алдымен «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты  өмір!» атты сайлауалды бағдарламасының Түркістан облысында орындалу барысы туралы айтып берді.

–  «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты  өмір!» сайлауалды бағдарламасы бойынша Жол картасы бекітілген. Бүгінде осы бағытта нақты жұмыстар атқарылып жатыр. Әрбір ауданның, қаланың өз даму жоспары жүйеленіп, бағдарламаға енгізілді. Мәселен, қазірдің өзінде Бәйдібек ауданының бірнеше ауылына газ берілді. Сарыағаш ауданында мал бордақылайтын ірі кәсіпорын ашылып, жылыжай шаруашылығы бойынша жоспардағы жобалар іске асырылуда, – деген Калыйма Жантөреева Түркістан, Кентау қалаларында да жұмыстар қолға алынғанын атап өтті.

Рекомендовать
Последние новости