Депутат кеткен Үкіметтің ең басты кемшілігін айтты

Қаракөз Амантай 05 февр. 2024 20:59 3630


Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров Әлихан Смайылов Үкіметінің не үшін отставкаға кеткенін түсіндірді, деп хабарлайды Dalanews.kz.


Депутаттың айтуынша, Смайылов тек экономикалық статистикаға басымдық берген.



“Депутаттар Үкіметке экономиканың фундаменталды проблемалары жөнінде әрқашан айтып келеді. Ондай проблемалар – Қазақстанның мемлекеттік қарызы артып келе жатыр. Екінші – бюджетті толтыруға Ұлттық қордан ірі-ірі преференциялар берілді. Ең негізгісі Қазақстанда бір жылдың ішінде кедейлердің саны артып кетті. Өткен жылдары 1 млн 15 мың адам болса, биыл 1 млн 100 адамға жетті. Сондықтан Үкімет тек экономикамен, статистикамен айналысты”, - дейді Ерлан Сайыров.



Ол 2029 жылға дейін Қазақстанның жалпы ішкі өнімін арттыру үшін кедейлердің санын азайтып, халыққа жаппай кәсіпкерлікпен айналысуға мүмкіндік жасау қажет екенін атап өтті.



Рекомендовать
Последние новости