Қазақтың Әлиханы халқына "сау бол" айтты

Азамат Қойшығара 05 февр. 2024 21:04 2901


Күндіз креслосын босатқан Әлихан Смайылов әлеуметтік желідегі парашасына қоштасу жазбасын жариялады, деп хабарлайды Dalanews.kz



"Бүгін Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Үкіметінің орнынан түсуін қабылдады.


Ең алдымен, Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа сындарлы уақытта Қазақстан Республикасының Үкіметін басқаруға сенім білдіргені үшін зор алғысымды білдіремін. 
Өткен екі жыл қоғам үшін шешуші кезең болды. Мемлекет басшысы жаңа Әділетті Қазақстанды құруға бағытталған аса маңызды саяси және экономикалық реформаларға бастамашылық жасады", - деген экс-премьер.



Ол Үкімет осы реформаларды іске асыру және еліміздің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету үшін қызмет еткенін айтқан. Сонымен қатар Үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың бірлескен жұмысының арқасында бірқатар нәтижелерге қол жеткізілген. 



"Өткен жылдың қорытындысы бойынша экономиканың өсуі 5,1%-ті құрады. Барлық негізгі секторлар оң даму динамикасын көрсетті. Инфляция екі есеге төмендетілді. 


Елімізге тартылған тікелей шетелдік инвестициялар көлемі екі жыл қатарынан соңғы онжылдықтағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі болды. Оның жылдық көлемі 26-28 млрд долларды құрады.


Ұлттық қордың активтері былтыр 4 млрд долларға өсіп, 60 млрд доллардан асты. Рейтингтік агенттіктер ұлттық экономиканың тәуелсіз рейтингі мен инвестициялық сенімділігін растады.
Үкіметтегі барлық әріптестеріме, сондай-ақ депутаттық корпусқа бірлескен және нәтижелі жұмыс үшін шын жүректен ризашылығымды білдіремін", - дейді Әлихан Смайылов.



Сондай-ақ ол еліміздің дамуына адал еңбегімен үлес қосып жүрген әрбір қазақстандыққа алғыс айтады.



Рекомендовать
Последние новости