Депутат Жаңбыршин Антикор өкіліне ескерту жасады

Көркем Алдабергенова 15 янв. 2025 13:11 4496

Бүгін Мәжілісте «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы баяндалды. Депутат Еділ Жаңбыршин Мәжіліс отырысында Сыбайлас жемқорлыққа қызмет өкіліне ашық ескерту жасады, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Еділ Жаңбыршин заңды құптайтынын, алайда құзырлы органдар мұны өзінен бастау керек екенін айтты.

«Дұрыс заң. Ең бірінші жемқорлықты құқықты қорғау органдары өздерінен бастау керек. Бірінші өздеріңді тазалап алыңдар. Бірінші өздерің дұрыс жұмыс істеңдер. Өздерің параға итермелемеңдер. Сол кезде бәрі жақсы болады», — деді ол.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Ұлан Сарқұлов депутаттың сауалына жауап беріп, бәрі тексерілетінін мәлімдеді.

«Құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне байланысты айтқаныңызға толығымен келісемін. Тек таза қызметкерлер жұмыс істеуі керек. Арнайы бөлімшелер, арнайы басқармалар бар. Бізге мәлімет берсеңіз, міндетті түрде тексереміз», — деді ол.


Рекомендовать
Последние новости