Депутат 42 500 теңгені ай сайын төлеуді ұсынды

Dalanews 28 июл. 2020 12:01 778

Мәжіліс депутаты Нұржан Алтаев билікке табыс көзі төмен халықтың әлжуаз тобына 42 500 жылды ай сайын төлеп тұрудың пилоттық жобасын енгізу турасында ұсыныс айтыпты. Депутат айтса, бірдеңені біліп айтатыны анық. Демек, біздің Үкіметтің күнкөрісі төмен халыққа 42 500 теңге төлеп тұратындай мүмкіндігі бар болғаны ғой.

Нұржан Алтаев Мәжілісте қалғып-мүлгіп, зейнеттік жасын күтіп отырған депутат емес, саяси мансабы үшін күресетін елгезек депутаттардың бірі. Оны үндемес депутаттардың қатарына қосуға боламайды.

Жазғы каникулда өзге депутаттар секілді халық арасына сіңіп кеткен жоқ. Қайта «Ел тірегі» өндірісшілер мен кәсіпкерлер одағын құрып, көңілге қонымды жұмыстар атқарып жүргенін білеміз.

Енді негізгі әңгімеге көшсек. Нұрекең мұндай ұсынысыт бас-көз жоқ айта салмайды. Ол кезінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде вице-министр қызметін атқарғанын білікті маман. Ол еліміздегі әлемуттік саланы бір кісідей біледі десек қателеспейміз.


Осындай халық мүддесіне көздейтін осынысты талай жыл Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болған Гүлжан Қарақұсова айтуы керек еді. Бірақ ескі гвардияның өкілі халықтың ашу-ызасын туғызатын ұсыныстарымен есте қалайын деп тұр.

Нұржан Алтаев өзінің ұсынысын былайша түсіндіреді:

– Біз қазір ел азаматтарының басым бөлігі кіріссіз қалама деп қауіп бар. Сондықтан халықтың аз қамтылған тобының табыссыз қалмауын қазірден бастап ойлаған жөн. Егер пилоттық жоба ретінде ай сайын халықтың әлсіз тобына 42 500 теңге төлейтін болсақ, бұл ақша айналып келіп экономикаға құйылады. Соныдқтан 42 500 теңгені тек қана қарантин кезінде ғана емес, кемінде екі жыл күнкөрісі төмен азаматтарға төлеп, оның экономикаға әсерін бақылап көру керек, – дейді Нұржан Алтаев.

Мәжіліс депутаты халық күн көріс көзін жоғалтса, елімізде кедейшілік орын алып, қылмыс өршуі мүмкін екенін айтыпты.

– Алдағы уақытта халық табыс көзінен айрылып, кедейленетін болса, Үкімет кедейшілікпен күреске бұданда қомақты қаржы жұмсауға мәжбүр болады. Егер адамдар табысынан айырылса, отбасын асырау үшін амалсыз қылмысқа барады. Жол бойындағы көліктің айнасы мен дөңгелегін ұрлау әдепкі дүниегі айналып кетуі мүмкін. Мұның соңы кісі өліміне әкелетінін көрдік. Сондықтан қазірден бастап, қауіптің алдын алуымыз керек, – депті депутат.


Рекомендовать
Последние новости