«Дәстүрлі құндылықтар керуені». Түркістандағы көшпелі жиында не айтылды?

Dalanews 23 нояб. 2018 07:52 778

Түркістан облысының аудан, қалаларында облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың арнайы тапсырмасына сәйкес, халыққа мәдени, рухани, діни тұрғыда түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында «Дәстүрлі құндылықтар керуені» тақырыбындағы көшпелі жиындар өтіп жатыр.

Бүгінге дейін өңіріміздің Арыс қаласы мен Сарыағаш, Мақтаарал, Жетісай, Келес, Шардара, Қазығұрт жəне Төлеби аудандарында ұйымдастырылған шараға облысымызға танымал дінтанушы-теологтар, беделді спортшылар, мәдениет майталмандары мен зиялы қауым өкілдері, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының облыстық филиалдарының  имамдары  және өзге де сала өкілдері қатысты.

Мәселен, Арыс қаласында өткен жиында қала әкімінің орынбасары Рысдәулет Айтбаев жүргізіп, шаһардағы діни ахуал жайлы кеңінен айтып берді.

Айтуынша, бүгінгі таңда Арыста «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» қабылданған Заңға сәйкес тіркеліп жұмыс істеп жатқан діни конфессиялардың жалпы саны – 2. Олар: Исламдық және Христиандық бағытта. Қала аумағындағы діни бірлестіктер мен филиалдар – 27.

Оның ішінде: 1-приход («Шымкент қаласының Арыс қаласындағы Божией Матери қазан иконасы приходы» жергілікті православиелік діни бірлестігі) православтық бағытта болса, Қазақстан мұсылмандар діни басқармасына қарасты 26 мешіт жұмыс істейді. Олардың барлығымен тығыз байланыс орнатылған. Жалпы алғанда, қала аумағында діни ахуал тұрақты.

Рекомендовать
Последние новости