Дарынды қаламгер Аягүл Мантай өмірден озды

Dalanews 29 июл. 2021 07:53 858

Жас жазушы Аягүл Мантай өмірден өтті. Қаралы хабарды марқұмның жақындары мен әріптестері растады деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Жазушы Facebook әлеуметтік желісіндегі соңғы жазбасында намаз оқығысы келетінін айтып жазба қалдырған болатын.

“Өкініштісі, адамдар өзіне ұқсамаған адамды өлтіруге, жерлеуге асығады. Мен ылғи да жүрекке оралуды, Құдайға оралуды армандаппын. Бірақ оралмаппын. Өзімнің тап-таза жүрегімді, Құдайды тапқым келеді”, –деген еді ол.

Марқұмның жаназасы 30 шілде күні шығарылады.

Ол Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы, Байқоныс ауылында дүниеге келген. 2009 жылы "Жалын" баспасынан "Жаңбырлы көктем" атты әңгімелер жинағы жарық көрген.

Аягүл Мантай — "Серпер" жастар сыйлығының лауреаты, Баққожа Мұқаи атындағы әдеби байқаудың жүлдегері.

2010 жылы Әдебиет номинациясы бойынша Президент стипендиясының иегері атанды.

 

https://dalanews.kz/del-qazir/65951-rezhisser-bolat-atabaev-omirden-ozdy

Рекомендовать
Последние новости