Дәрігерден вице-министрге дейін: Нұрлыбаев жаңа қызметке тағайындалды

Қаракөз Амантай 15 июл. 2024 16:53 3413

Үкімет қаулысымен Ержан Шәкірұлы Нұрлыбаев Денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ержан Нұрлыбаев 1975 жылы Теміртауда дүниеге келген. Қарағанды мемлекеттік медицина академиясын "Емдеу ісі" мамандығы бойынша, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін "Менеджмент" мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1998 жылы Қарағанды №1 қалалық ауруханасында дәрігер-хирург болып бастаған.

2004-2006 жылдары аталған медициналық мекеме директорының емдеу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.

Әр жылдары Қарағанды облысының бас хирургі болып қызмет істеп, Х.Ж. Мақажанов атындағы облыстық травматология және ортопедия орталығын басқарды.

2014-2021 жылдары – Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

2021 жылдан бастап "ҚМУ" КеАҚ Директорлар кеңесінің төрағасы қызметін атқарды.

Қазірге дейін Қарағанды қаласындағы Облыстық клиникалық аурухананың директоры болып жұмыс істеді.


Рекомендовать
Последние новости