COVID-19. ПТР мен КТ өту мүмкіндігі болмаса, қан талдауын тапсырған абзал

Dalanews 13 июл. 2020 14:24 832

Білікті маман КВИ жұқтырғандардың ПТР-тесттерінің жалған-теріс нәтижелеріне түсініктеме берді.

– Маған басқа адамдардың кеңесімен антибиотиктердің 2 түрінен 2 курс ішкен адам хабарласты. Бұл бауырға салмақ түсіреді және антибиотикорезистенттілікті қалыптастырады. Мұндай әдіс емдемейді, – деді Алматы қаласының штаттан тыс бас пульмонологы Сәуле Қасенова. Бұл туралы ол Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте мәлімдеді.

Оның айтуынша, антибиотиктер вирустарға әсер етпейді. Бұл препараттар бактериялардың көбеюін басады. Ал вирустық COVID-19 кезінде антибиотиктерді көмегі тиер деген желеумен тағайындауға болмайды.

КВИ жұқтырғандардың айтуынша, аурудың алғашқы белгілері тамақтың ауруы, мұрынның бітелуі болған. Ал 2-3 күннен кейін дене қызуы көтерілген.

– Бұл жоғары тыныс алу жолдарының зақымдануының белгілері. Егер осы кезде ПТР алынатын болса, ол аса сезімтал болғандықтан вирусты анықтауы мүмкін. Мен дәрігер ретінде тесттің жалған-теріс нәтиже көрсетуін былай түсіндіретін едім. Алғашқы күндері вирус жоғарғы тыныс жолдарында (мұрын-жұтқыншақ) көбейеді, содан кейін төмен түседі. Компьютерлік томография өкпенің зақымдану көлемін анықтау үшін айқын клиникалық симптомдар болғанда ғана жасалады. Егер ПТР-тест немесе КТ өту мүмкіндігі болмаса, онда жалпы қан талдауын тапсыруға болады. С-реактивті ақуыз, D – димер сияқты вирустық инфекцияның маркерлері дәрігерге науқасты қалай емдеу керек екендігі туралы біраз ақпарат береді, – деп түсіндірді пульмонолог.

Рекомендовать
Последние новости