«Бизнестiң жол картасы – 2020»: 19,5 млрд теңгенің заңбұзушылық анықталды

Dalanews 11 нояб. 2016 14:25 944

«Бизнестiң жол картасы – 2020» бағдарламасына жүргiзiлген мемлекеттiк аудит нәтижесiнде 19,5 млрд теңгеге қаржылық заңбұзушылық анықталды. Бұл туралы ҚР Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінiң мүшесi Айгүл Мұхаметкәрiм мәлiм еттi, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

– Мемлекеттiк аудит қамтыған 126,7 млрд теңгенiң 19,5 млрд теңгесiне қаржылық заңбұзушылық анықталды. 62,8 млрд теңге тиiмсiз пайдаланылған, – дейдi А.Мұхаметкәрiм.

Оның айтуынша, жергілікті жерлерден өтiнiш түспесе де, Ұлттық экономика министрлігі Ұлттық қордан тағы да 7,2 млрд теңге аударған. Қыркүйектегi жағдай бойынша ол ақшаның 6,3 млрд. теңгесі қалды. Осыдан барып биыл бұл қаржы тағы игерілмей қалады деген болжам бар.

– Аудит нәтижесiнде бағдарламаның iс-шаралары сапасыз жоспарланатыны анықталды. Ал бірнеше рет өзгерістерді енгізудің нәтижесінде тиiстi есеп-қисапсыз республикалық бюджеттен 14,2 млрд. теңге мақсатты трансферт бөлінді. Нақты қажеттілік болмаса да, Ұлттық қордан бағдарламаның үйлестірушісі "Даму" қорына қыруар қаржы аударылады. Осының нәтижесінде 2010 жылдан бастап қорда жай жатқан ақшаның үлкен көлемі жиналды. Биыл ол қаржының көлемі 25,3 млрд. теңгені құрады. Ол ақшадан түскен банктердің сыйақысы 1 млрд. теңгеден асты, – дедi комитет мүшесi.

Рекомендовать
Последние новости