Комитет төрағасының орынбасары Иранға сапарлап барып, басы дауға қалды

Dalanews 11 нояб. 2016 14:39 950

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің этика жөніндегі комиссиясы жұма күні білім және ғылым министрлігінің ғылым жөніндегі Комитеті төрағасының орынбасары Ләззат Құсайнованы ведомствоның жауапты хатшысының рұқсатынсыз Иранға барғаны үшін жұмыстан шығаруға шешім қабылдады.

Кикілжіңнің мәні мынада, ғылым жөніндегі комитет Иран ислам мемлекетімен елордалық Оқушылар сарайында екі нанотехнолгиялық зертхана салу туралы келіссөз жүргізіп жатыр. Сол жерде комитет төрағасының орынбасары келіссөзді биылғы жылы Ислам республикасында жалғастырып, жолай халықаралық форумға қатысуға шақырту алған. Иран еліне іс-сапарды Bран тарабы қаржыландырған, бұл жайт Л.Құсайнованың мемлекеттік қызметтің беделін түсіргендігіне қосымша дәлел болды.

Комитет басшысы орынбасарына тағылған айыптың басты себебі оның шетелдегі сапарларын келістірудің бекітілген тәртібін бұзуы болып табылады. Иранға аттану үшін білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы Әмірхан Рахымжановтың рұқсатын алуы тиіс еді. Ол кісі рұқсат бермегендіктен, Ләззат Құсайынова демалыс алып, Иранға кетіп қалған.

Ғылым жөніндегі комитет басшысының орынбасары жауапты хатшы номенклатурасына тиісті, С1 категориялы, сондықтан жауапты хатшы ғана шетелге шығуға рұқсат бере алады, ал ол қызметкерді шетелге, оның үстіне Иранға жіберуді қажет деп таппай өтінішті қарастырмаған БҒМ этика жөніндегі комиссиясының уәкілі Нұрсейіт Байжанов.

– Иранның қандай мемлекет екенін білесіздер, ол жағын айтпай-ақ қояйын. Ғылым жөндегі комитетте әртүрлі технологияларға қатысты бірнеше қатар қолданыстағы ұйымдар бар, оның ішінде әскери мақсаттағылар да кездеседі. Оның бұл ұйымдарға тікелей қатысы болмаса да, осы ұйымдарда қызмет ететін адамдармен араласуға мүмкіндігі болды. Сол себепті қызметтік міндетіне байланысты кейбір мәселелер жайында хабардар болуы мүмкін еді, – деді ол. Әйтеуір, бітпейтін шиеленіс. Ләззат Құсайынова болса бұл іске министрдің тікелей қатысы бар екенін айтты. Оның пайымдауынша, ол орынын босатпаған үшін осындай қуғынға тап болған.

 

Дереккөзі: sputniknews.kz

Рекомендовать
Последние новости