Бишімбаевтің мерзім жеңіл жазаға ауыстырылған

Dalanews 15 окт. 2019 04:18 758

Күні кеше ғана жұрт Қуандық Бишімбаев бостандыққа шығыпты деп шулаған еді. Сөйтсек, Бишімбаев толыққанды бостандыққа шықпапты.

ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаевтың айтуынша, бұрынғы министр қалған жазасын түрмеде емес, үйінде жатып өтейтін болыпты.

– Қуандық Бишімбаев үкімге заңға сәйкес шағым түсірді. Менің білуімше, сот шешімі шықты, жаза мерзімі 4 жыл 8 айға дейін қысқарған. Оның үштен екісін ол өтеп қойды. Енді бір жылдан сәл ғана артық жаза мерзімі қалды. Бұл мерзім жеңіл жазаға ауыстырылды, – деді министрдің орынбасары.

Оның айтуынша, Бишімбаев мерзімінен бұрын шартты түрде босатылмаған, жазасы жеңіл жазаға ауыстырылған.

Марат Қожаевтың айтуынша, енді ол пробация қызметінде, яғни құқық қорғау органдарының бақылауда болады.

 

Рекомендовать
Последние новости