Бишімбаев ұсталған кезде "біртүрлі" сұрақ қойған полицейлер жазаланды

Көркем Алдабергенова 27 мая 2024 09:23 4799

Астанада экс-министр Қуандық Бишімбаевты ұстау кезінде алғаш тергеу жүргізген полицейлер жазаланды, - деп хабарлайды Dalanews.kz Tengrinews.kz-ке сілтеп.

Айта кетейік, полиция қызметкері Бишімбаевты ұстаған кезінде Салтанат Нүкеноваға қатысты "осы жағдайға жеткізген өзі ме?" деп сұраған болатын. Бұл полицейдің жетонына түсіп қалған. Ал видео 8 сәуірде сот талқылауы барысында көрсетілді. 

ІІМ мәліметінше, қызметтік тәртіпті бұзғаны үшін Астана патрульдік полиция полкі қызметінің инспекторына сөгіс жарияланған. 

Еске салайық, Бишімбаев ісіне қатысты соңғы сот отырысы 13 мамырда өтті. Үкім бойынша Қуандық Бишімбаев 24 жылға, Байжанов 4 жылға сотталды. 

 

Рекомендовать
Последние новости