Бишімбаев ісі: ендігі сот отырыстары қалай өтеді?

Сағыныш Сардарова 27 мар. 2024 09:35 1974

Әйелін өлтірді деген айып тағылып отырған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Жоғарғы сөздің баспасөз қызметі ендігі ашық сот отырыстары онлайн көрсетілетінін жария етті, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот процесіне қоғамның жоғары қызығушылығын ескере отырып, осы іс бойынша ашық сот отырыстарының онлайн-трансляциясын ұйымдастыру туралы шешім қабылданды", - деп жазылған хабарламада.

Бүгін Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алқабиге кандидаттарды іріктеу үшін жабық сот отырысы өтеді.

Отырыста 12 адамнан тұратын (10 негізгі, 2 қосалқы) алқабилер алқасы қалыптастырылады. Іріктеу алқабилердің жеке басын жария ету мүмкіндігін болдырмау үшін жабық сот отырысында өтеді.

Айта кетейік, былтыр Қуандық Бишімбаев әйелін ұрып өлтірді деген күдікпен қамауға алынды. Қазір сот отырысы өтіп жатыр. Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың бұл бірінші қылмыстық ісі емес.

Ол 2018 жылғы наурызда 10 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Бұрынғы шенеунік пара алу және ақша жымқыру істерінде айыпты деп танылған еді. Бишімбаевтың сот ісі төрт айдан аса уақытқа созылды. Онымен бірге бұл істе 22 адам сотқа тартылған еді. Олар "Бәйтерек DEVELOPMENT" АҚ экс-қызметкерлері, кәсіпкерлер және құрылыс компанияларының өкілдері болды. Экс-шенеунік 10 жылға сотталса да, тура 19 ай өткенде бостандыққа шықты.

Бұған дейін Абзал Құспан оның бұлай ерте босап шығуының қандай құпиясы бар екенін айтты.

"Мерзімінен бұрын босатудың екі формасы бар, біріншісі - мерзімінен бұрын босату, екіншісі - жеңіл жазаға ауыстыру. Осы екі дүние сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстық істерге қатысты қолданылмайды. Президент жанындағы комиссия әлі бар, дәл қазір қалай жұмыс істеп жатқанын білмеймін. Экс-президенттің тұсында ол қатты жұмыс жасады.

Соттар мына жақтан кінәсін дәлелдеп, ақ тер, көк тер болып, істі қылып, адамды соттайды. Ол кезде Назарбаевтан кешірім сұраған шенеуніктер шығып кететін еді. Кешірім сұрамаған адамдар Экспоға қатысты сотталған Ермегияев сияқты әлі күнге жазасын өтеп жатыр.

Одан да зор қылмыс жасаған адамдар бүгін кешірім сұрап, ертесі күні босап кеткен жайы бар. Сондықтан Бишімбаев мерзімінен бұрын босап шыққан жоқ, президенттен кешірім сұрап, президенттің жанындағы комиссия арқылы босап шықты", - деп түсіндірді заңгер Usbanov ARNASY-на берген сұхбатында.


Рекомендовать
Последние новости