Биржада доллар бағамы 5 теңгеге арзандады

Кәмшат Тілеухан 10 апр. 2025 16:49 781

KASE-де - Қазақстан қор биржасындағы 10 сәуірдегі күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша 1 АҚШ долларының орташа бағамы 515,18 теңге болып, 5,26 теңгеге арзандады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Айта кетейік, Ұлттық банктің 10 сәуірдегі 1 АҚШ доллар үшін белгілеген ресми бағамы - 520,48 теңге.

Kurs.kz деректері бойынша қазір Алматыдағы ақша айырбастау орындарында 1 АҚШ долларын сатып алу бойынша орташа бағамы 514,47 теңгеге, сату бағамы 516,83 теңгеге тең.

Ал Астанада америкалық валютаны орта есеппен 512,94 теңгеден сатып алып, 519,97 теңгеден сатып жатыр.

Айта кетсек, 2025 жылы 7 сәуірде теңге қатты құнсызданды. Баға 504-тен 517-ге көтерілді. Бұған мұнай бағасының арзандауы түрткі екені айтылды.  Сондай-ақ қаржы саласының сарапшы Арман Бейсембаев мұнай нарығындағы жағдай жақын күндері түзелмесе, осы аптада 1 АҚШ долларының құны 530 теңгеге баруы мүмкін екенін болжады. Дональд Трамптың тарифтерге қатысты 90 күнге "демалыс" жариялағаны туралы жаңалықтан кейін бір түнде Brent маркалы мұнайдың бір баррелі 60-тан 65 долларға көтеріліп, бірнеше күнгі құлдыраудан кейін аздап "басын тіктеді". Алайда таңертең баға 64 долларға қайта аздап төмендеді.


Рекомендовать
Последние новости