Журналист Лев Тараков өмірден өтті

Сағыныш Сардарова 09 апр. 2025 15:57 858

Қоғамдық-саяси "Время" газетінің бас редакторы, журналист Лев Тараков өмірден өтті, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева журналистің жақындарына көңіл айтты.

"Бүгін 59 жасында Лев Тараков кенеттен өмірден өтті, ол - қазақстандық журналистикадағы көрнекті тұлға ғана емес, сонымен қатар, отандық медиасфераның негізін қалаушылардың бірі. Лев Юрьевич - жарқын медиаменеджер, шығармашылық тұлға, талантты адам және тамаша публицист. Ұзақ жыл бойы оны жеке білу, бірге жұмыс істеу мәртебесіне ие болдым. Бүгін Тәуелсіз Қазақстан журналистикасының көгінде тағы бір жарқын жұлдыз сөнді. Туыстарына және жақындарына қайғырып көңіл айтамын", - деп жазды министр.

Ақпаратты "Время" газеті де растады. 

Лев Тараков туралы не белгілі?

Лев Тараков Киевтегі жоғары әскери-теңіз саяси училищесін бітірген. Еңбек жолын Солтүстік флотта офицер болып бастаған. Әр жылдары баспасөз және бұқаралық ақпарат құралдары министрлігінде, Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтында басшылық қызметтер атқарған, сондай-ақ6 "Известия-Казахстан" газетінің бас редакторы болған.

Лев Тараков "Литер-Медиа" холдингінде жұмыс істеген. 2023 жылғы мамырдан бастап "Время" газетінің бас редакторы қызметін атқарып келген.


Рекомендовать
Последние новости