Билік қазақ мектептеріне қамқорлық көрсетуі керек

Dalanews 26 июл. 2017 06:16 830

"Егемен Қазақстанға" сұхбат берген ғалым Рәбиға Сыздықованың сұхбатын сүйсініп оқып шықтық. Тіл тазалығына қатысты көптеген мәселелерді қаузаған екен. Сұхбатының соңын әдемі аяқтапты. "Қазақ халқының сақ­­­талуы тілінің сақталуына бай­ланыс­ты" дейді Рәбиға Сыздықова. 

"Менің ойымша, балабақшада, бастауыш мектепте ағылшын тілін мүлде оқытпау керек. Латын жазуына негізделген қазақ сөздерін сауатты жазып, оқып дағдылана қоймаған балаға ағылшын тілін үйретуге болмайды. Тілдік санада ағыл­шын тілінің әріптері сақталып қалған балалар кейін қазақ тілін үйренген кезде ол таңбаның басқаша дыбысталатынын қабылдай алмай, шатастыратын болады.

Бала бастауыш мектепте қазақ тілі бойынша сауатты жазып, әбден дағдыланған соң ғана шет тілдерді үйретуге болады. Мектеп табалдырығын аттаған бала ана тілінде ғана сөйлеуі керек. Бала бастауышта орыс тілінде де емес, ағылшын тілінде де емес, тек қана ана тілінде оқуы керек.
Үш тілді бірден оқытқанда бала­ның ана тілі болмайды.

Ана тілі болмаған адамнан ешқан­дай ақын да, жазушы да, сурет­ші де шықпайды. Ғалым шы­ғар, маман шығар, тіпті атақ­ты адам да шығар. Бірақ он­да ешқандай мәдени азық бол­май­ды. Ағылшын тілінде тамаша жаз­сын, орыс тілінде өлең шығар­сын, бірақ ол – ана тілі емес. Сондықтан Үкі­мет, бас­шы­­лар, оқу-ағарту сала­сын­дағы­­лар қазақ мектебін қолға алып, қамқорлық көрсетуі керек. Қазақ мектебін көбейту керек. Бала ана тілін бастауыш мек­теп­­тен меңгеріп, кейін басқа тіл­ді қосу керек.

Айналасын ана тілін­д­е танып, әр заттың қазақша атауын білген соң ғана оның орыс­­­шасын, ағылшыншасын үй­­р­енуі оңай. Қазақ халқының сақ­­­талуы тілінің сақталуына бай­ланыс­ты. Жаһандану зама­нында ана тіліміздің болашағына, таза­лы­ғы­на ерекше мән беруіміз қажет". 

Дереккөз: egemen.kz

Рекомендовать
Последние новости