Биыл СҚО-ның 88 ауылына су желілері тартылады

Ақтоты Жапатова 21 апр. 2025 11:23 215

Солтүстік Қазақстан облысында ауыл халқын таза ауызсумен қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыс жүргізілуде, - деп хабарлайды Dalanews.kz

Былтыр 10 мың тұрғыны бар 64 ауылға кешенді блок-модульдер орнатылды. Сонымен қатар 280 шақырым су құбыры желісі жаңғыртылды. Су құбыры желілерін салу және жаңарту 5 мың адам тұратын 15 елді мекенде атқарылды.

Нәтижесінде 2024 жылдың қорытындысы бойынша ауыл халқының таза ауызсуға қолжетімділік деңгейі 97,5 пайызға жетіп, 258 мың адамды қамтыды.

Қазіргі таңда облыста 7,4 мың тұрғыны бар 88 ауыл қамтылмаған. Бұл мәселені шешу үшін су құбыры желілерін тарту, топтық су құбырларын салу және кешенді блок-модульдер орнату жоспарланып отыр. Осы шаралар нәтижесінде ауыл халқының таза ауызсуға қолжетімділігі 100 пайызға жеткізілмек.


Рекомендовать
Последние новости