Алматыда полицейді пышақтағандар сотталды

Көркем Алдабергенова 17 апр. 2025 12:46 629

Алматыда полиция қызметкеріне шабуыл жасау және қару қолдану оқиғасына қатысушылар сотталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

2024 жылғы 22 желтоқсанға қараған түні Алматы қаласының Медеу ауданындағы «Barland» барында қонақтармен мекеме күзетшілерінің қатысуымен келеңсіз оқиға орын алған. Тараптар арасындағы жанжал ұрысқа ұласып, жедел келіп жеткен полиция қызметкері пышақ жарақатын алған.

Оқиға кезінде күзетшілердің бірі тіркелмеген травматикалық тапаншамен екі рет оқ атқан.

Оның қару алып жүруге және қолдануға рұқсаты болмағаны, сондай-ақ ресми түрде жұмысқа орналаспағаны анықталды - күзет қызметтері бір реттік негізде рәсімделмей қызмет атқарған.

Тергеу қорытындысы бойынша екі қатысушыда ұсталып, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 293-бабы 3-бөлігімен (бұзақылық) және 380-бабы 3-бөлігімен (билік өкіліне қатысты күш қолдану) қылмыстық жауаптылыққа тартылды.

Сот күзетшіні 5 жылға, екінші қатысушыны 1 жыл 6 айға соттады.

Қала прокуратурасының үйлестіруімен осындай құқық бұзушылықтардың алдын-алу мақсатында демалыс және мереке күндері ойын-сауық мекемелерінде полиция қызметкерлерінің кезекшілігі ұйымдастырылды.


Рекомендовать
Последние новости