Биыл ШҚО-да АЭС үшін жылу бөлетін құрамалар шығаратын зауытты іске қосылды

Dalanews 12 нояб. 2021 10:55 928

Биыл ШҚО кәсіпорындары 4,6 млрд теңге сомасына қосымша қолдауға ие болды. Бұл кәсіпкерлік жобаларын субсидиялау, яғни тұтастай алғанда-кәсіпкерлерді қолдау және дамыту үшін қабылданып жатқан шаралар. ШҚО әкімі Даниал Ахметов осы бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижелері туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтып берді, – деп хабарлайды Dalanews.kz..

Ағымдағы жыл өңір экономикасының қалпына келтіру жылы болды. Әлеуметтік оқшаулау шараларының әлсіреуі және сыртқы жағдайлардың жақсаруы экономиканың нақты секторы өсуінің негізгі факторлары болып табылады. Бұл жерде бірінші кезекте азаматтар мен бизнеске мемлекет көрсететін ауқымды және жедел көмекті атап өту қажет.

– 2022 жылға дейін «Бизнестің жол картасы», «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламаларын ұзартқан Президент бастамасының арқасында облыс кәсіпорындары жобаларды субсидиялау және кепілдендіру бойынша 4,6 млрд теңгеге қосымша қолдау алды, – деді Даниал Ахметов.


Бүгінгі таңда «БЖК 2025» бойынша (2010 жылдан бастап) 3 мыңнан астам жоба субсидияланды, 1,5 мың жоба кепілдендірілді, 384 жоба гранттық қаржыландыруды алды. Бұл мақсатқа 255 млрд теңге бөлінген болатын.

Тек «Ақ Ниет» жеңілдетілген несиелендірудің өңірлік бағдарламасын іске асыру шеңберінде 8,8 млрд теңгеге 513 жоба қаржыландырылды.

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша импорт алмастырушы өндірістерді кеңейту үшін 45 млрд.теңгеге 272 жоба қаржылық қолдау алды, 43 млрд. теңгеге 206 жоба субсидияланды.

Сонымен қатар, кәсіпкерлікті қолдау Картасы аясында 1,2 трлн теңгеге 93 жобаның 59-ы іске асырылды. ағымдағы жылы 66 млрд.теңгеге 11 жоба аяқталады, 2025 жылға қарай 1 трлн. теңгеге тағы 23 жобаны іске асыру жоспарланған.

– Экспортқа бағдарланған өндірістерді дамытудың мысалы ретінде қуаттылығы 200 тонна уран болатын АЭС үшін жылу бөлетін құрамалар шығаратын зауытты іске қосуды айтуға болады. Жобаның құны – 27,4 млрд теңге. Кәсіпорын қазіргі уақытта қажетті сертификаттауды жүргізуде және ағымдағы жылдың қараша айының соңына қарай алғашқы сынамалы өнім шығаруды жоспарлап отыр. Алдағы уақытта дайын өнім толық көлемде ҚХР-ға экспортталатын болады, бұл экспорт көлемін 120,8 млрд теңгеге арттыруға мүмкіндік береді, – деп хабарлады ШҚО әкімі Даниал Ахметов.


Сондай-ақ, құны 396,0 млрд теңге болатын қайта өңдеу қуатын жылына 25 млн  тоннадан 50 млн тоннаға дейін арттыруға бағытталған Kaz Minerals Aktogay Ақтоғай кең байыту комбинатын кеңейту жобасы пайдалануға берілді. Бірінші кен ағымдағы жылдың желтоқсан айында қайта өңделеді деп күтілуде.

Рекомендовать
Последние новости