Биыл Келес ауданында тамшылатып суару жүйесі 287 гектар жерге енгізілді

Dalanews 23 нояб. 2018 04:49 1014

Келес ауданында ауыл шаруашылығы саласында үш жақтама келісім бойынша 31 көрсеткіштерді іске асыру межеленген-ді. Ағымды жылдың соңғы 10 айында 26 көрсеткіштің жоспары белгіленген болса, оның ішінде жоспардың орындалғаны – 19, орындалмағаны – 7 көрсеткіш.

Ауданда ауыл шаруашылығының нақты көлем индексіне егін шаруашылығы, ет өндіру, жұмыртқа өндіру, ұсақ мал басын ұлғайту және жылқы басын ұлғайту жатады.

Биыл Келес ауданында 10,6 гектарға жылыжай салынған болса, тамшылатып суару әдісі 287 гектар жерге енгізілген. Ал ауыл шаруашылығы техникалары 41 бірлікке жаңартылып, шаруалардың өнімді жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болды.

Ағымда жыл басынан «Сыбаға» бойынша 1230 бас ірі қара сиыр малы сатып алынып, жылдық жоспар – 267,3 пайызға орындалды. «Алтын асық» бағдарламасымен 3540 бас ұсақ малдар сатып алынып, жылдық жоспар – 246,8 пайызға және «Құлан» бағдарламасы бойынша 119 бас жылқы сатып алынып, жылдық жоспар 100 пайызға орындалды. Осылайша мемлекеттің деңгейде қабылданған бағадарламалар Келес ауданында мал шаруашылығын дамытуға серпін бергенін айта кетуіміз керек.

 

Dalanews.kz

Рекомендовать
Последние новости