Биыл Атырау облысында 22 мыңғы жуық тұрақты жұмыс орны ашылды

Жарбол Кентұлы 03 дек. 2024 19:29 780

Бұл туралы облыс әкімі Серік Шәпкенов Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында өткен брифингте мәлім етті.

Өңірде 49 мыңнан аса азамат жұмыспен қамту шараларымен қамтылды. 31 374 жұмыс орны ашылды. Оның 22 мыңға жуығы– тұрақты. 1637 азамат «Бастау-бизнес» жобасы аясында оқытылып, 822 отбасы әлеуметтік көмек алды. 291 облыс тұрғынына жалпы сомасы 428,1 млн. теңге қайтарымсыз грант берілді.

-  Бұл шаралар өңірдегі жұмыссыздық деңгейін азайтуға және халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға септігін тигізді. Биыл 18 713 азамат «Болашақ» кеңею жобасынан босатылады деп болжанған еді.  1 қарашадағы жағдай бойынша  11 155 адам жұмысынан босатылды, оның 4104-і  (37%) – Атырау облысының тұрғыны. Жобаның аяқталуына байланысты жұмыстан босатылған атыраулықтардың 90%-ы әлеуметтік қолдау шараларымен қамтылды,-деді С.Шәпкенов.


Рекомендовать
Последние новости