Биыл 200 бала сексуалдық сипаттағы зорлық көріпті

Dalanews 14 нояб. 2016 03:30 1012

Елімізде осы ақтаулық бүлдіршін сияқты биылдың өзінде 200-ге жуық  ұл-қыз педофилдердің құрбаны болған. Бүгін осы сексуалдық сипатта зорлық көрген балалар туралы айтқан Бас прокурор азғындармен бірігіп күресуге шақырды. Бұл туралы КТК хабарлайды.

Жақып Асановтың айтуынша, көп жағдайда зорлық көрген балалар болған сұмдық  туралы ашық айтуға қорқады. Сондықтан балабақша мен мектептердегі медициналық тексеру кезінде гинекологтар да атсалысуы қажет дейді прокурорлар. Сөйтіп, кішкентай қыздардың жыныстық қатынаста болған болмағанын біліп, мән-жайды анықтауға болады. Оның үстіне Асанов педофилдердің көбі жазадан сытылып кетеді дейді. Өйткені азғындардың көбі зорланған ұл-қыздың әкесі, ағасы немесе жақын туысы болып шығады екен.

– Кейде болған істі айтпаймыз, жасырамыз. Ұят болады дейміз. Бұл дұрыс емес. Онымен қылмыстың жасырын созылмалы түрге айналуына көмектесеміз. Сондықтан балаңыздың намысы аяққа тапталса, үнсіз қалмаңыз, – деді ҚР Бас прокурор Жақып Асанов.

 

Дереккөзі: kaz.caravan.kz

Рекомендовать
Последние новости