Күршім мен Самар аудандарын жалғап тұрған қос жолақты бұл автомобиль көпірі - Қазақстандағы ең ұзын көпір.Шығысқазақстандықтар көптен күткен тарихи сәт – көпірдің ашылуы 20 қазанға жоспарланған, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Көпірдің ашылуы алты ауданның тұрғындары үшін аса маңызы. Өйткені оны аймақ жұртшылығы жарты ғасырдан астам уақыттан бері күткен. Мемлекет басшысының 2019 жылғы тікелей тапсырмасынан кейін тиісті қаражат бөлініп, 2021 жылдың ақпанында көпірдің құрылыс жұмыстары басталған болатын. Биыл 20 қазанда Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін елдегі ең ұзін көпір салтанатты түрде ашылмақ. Оның ұзындығы – 1316 метр, ал өткізу мүмкіндігі тәулігіне 80 мың көлікке дейін жетеді.
Егер бүгінгі таңда кезек күту уақытын есептемегенде, су қоймасы арқылы пароммен автокөліктер 40 минутта келесі жағалауға жетіп жүрсе, енді су қоймасын екі-ақ минутта кесіп өтеді.
- Көпірдің ашылуына орай халықтық мереке ұйымдастырылады. 30-ға жуық киіз үй тігіліп, мәдени-спорттық іс-шаралар өтеді: арқан тарту, қазақ күресі, аударыспақ, жаяу жүгіру жарысы, қол күресі, арқан тарту. Қазақтанға танымал өнер жұлдыздарының қатысуымен концерт ұсынылып, ақ түйенің қарны жарылған дүбірлі тойға сүйіншілеп келген жұртқа ас беріледі. Той сағат 10.00-де жаңа көпірдің Күршім ауданы жағалауында басталады, - деп хабарлады Күршім ауданының әкімдігі.