"Бұларың не?". Жээнбеков мәлімдеме жасады (видео)

Dalanews 06 окт. 2020 06:05 849

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков елдегі саяси жағдайға қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды zakon.kz.

Қырғыз елі президентінің ресми сайтында жарияланған үндеуі:

"Құрметті отандастар! Кеше кешке кейбір саяси күштер мемлекеттік билікті заңсыз басып алмақ болды.

Сайлау нәтижелерін сылтау етіп, олар қоғамдық тәртіпті бұзды.

Олар қала тұрғындарының бейбіт өмірін бұзды.


Олар тәртіп сақшыларына бағынбай, дәрігерлерді ұрып-соғып, ғимараттарды бүлдірді.

Мен құқық қорғау органдарына бір де бір азаматтың өміріне қауіп төндірмеуді, оқ атпауды және қан төкпеуді бұйырдым.

Әзірге біз жағдайдың ушығып кетуіне жол бермес үшін барлық мүмкін шараларды қабылдадық.

Мемлекеттегі тыныштық, қоғамның тұрақтылығы кез-келген депутаттық мандаттан гөрі құнды.

Мен Орталық сайлау комиссиясына заң бұзушылықтарды мұқият тексеріп, қажет болған жағдайда сайлау нәтижелерін жоюды ұсындым.


Мен саяси партиялардың жетекшілерін өз жақтастарын тыныштандырып, оларды шоғырланған жерлерінен алып кетуге шақырамын. Мен барлық отандастарымды бейбітшілікті сақтауға және арандатушы күштердің шақыруларына көнбеуге шақырамын. Еліміздің тыныштығы мен қоғамымыздың қауіпсіздігі - ең маңыздысы. Мен барлық күштерді ел тағдырын саяси амбициялардан жоғары қойып, құқықтық алаңға оралуға шақырамын".

https://youtu.be/yRLH9zmwvto

Рекомендовать
Последние новости