БҚО-да жарамсыз деп танылған үйлерді қалпына келтіру жұмыстары басталды

Dalanews 24 апр. 2024 13:40 2486

БҚО-да жарамсыз деп танылған үйлерді қалпына келтіру жұмыстары басталды, деп хабарлайды Dalanews.kz. 


Қазіргі таңда, су тасқыны салдарынан келген шығындарды өтеу жұмыстары басталды. Оның ең бастысы - үйін су басқан отбасыларды баспанамен қамтамасыз ету.


Қазір облыс аумағындағы жарамсыз деп танылған үйлерді қалпына келтіру жұмыстары басталды. Атап айтқанда, салынатын жаңа тұрғын үйлердің жер учаскелері анықталып, геология және топо-түсірілім жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарын жүргізетін жергілікті компаниялардың тізімі анықталып, дайындық жұмыстары басталды.

Тұрғын үйлер құрылысы «Қазақстан Халқына» қоғамдық қорының, өңіріміздің КПО б.в., ЖайықМұнай, Оралойлэнд Газ, Конденсат сияқты және өзге ірі кәсіпорындардың қаражаты есебінен іске асырылады.
Айта кетейік төтенше жағдай салдарынан 1 292 тұрғын үйге зиян келтірілді. 1 150 үй бойынша техникалық тексеріс жүргізілді. Қорытындысында 397 ұй тұруға жарамсыз деп танылды.


Рекомендовать
Последние новости