Тоқаевтың төңірегі ақпараттық шабуылды кім жүргізіп жатқанын біліп отыр - сарапшылар

Көркем Алдабергенова 24 апр. 2024 11:26 180923

Кейінгі кезде Кремльдің сөзін сөйлейтін әлеуметтік медианың белсенділігі күрт артқан, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Чемодан госсекретов" телеграм арнасының мәліметінше, Мәскеудің астауынан жем жеп отырған астыртын арналар қазақстандағы проблемалар туралы белсенді жаза бастаған.

"Оның артында оқиғаны өзіне қажет қырынан көрсетумен ғана емес, елдегі билікті ашықтан-ашық қаралаумен де айналысатындар тұрғаны анық. Қазіргі уақытта елдегі су тасқынына байланысты ақпараттар кеңінен тарап жатыр. Ерекше көзге түсетіні Астанадағы Ресей елшілігі орналасқан көшенің атымен аталған "Бараева" телеграм-арнасы. Бұл арнаның жалпы тақырыбы ЖЭО апаттары немесе елді мекендердегі су тасқыны, ескі Қазақстан өкілдерінен мұраға қалған инфрақұрылымдық дағдарыстармен күресте қазақстандық биліктің әлсіздігін көрсетуге бағытталған.

Жазбалардың мазмұны бірдей: авторлар негатив жаңалықтарды жариялап, кризис одан әрі күшейетінін және бұл әлеуметтік шиеленіске әкелетінін айтады. Телеграм арна деректермен ашық түрде манипуляция жасап және жоқ лозунгтарды ойлап табу арқылы одан әрі наразылық тудырады".

Сарапшылардың сөзінше, ресейлік депутаттар мен сарапшылар осылайша Қазақстанның ішкі саясатына провокация арқылы әсер етпек.

"Біздің деректер бойынша, Президент аппараты Қазақстанға қарсы осы тыныш ақпараттық шабуылды кім және қандай себептермен жүргізіп жатқанын түсініп отыр. Жекелеген орындаушылардың шамадан тыс бастамашылығы екі мемлекет арасындағы ынтымақтастықтың сапасына теріс әсер етуі мүмкін", - делінген жазбада.

Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желіде Ескі Қазақстанды жақтаушылардың белсенділігі артқаны туралы жазған едік.

Ал тарап жатқан ақпараттардың сарыны бір. Олар Назарбаев билікте отырған кезде халықтың жағдайы жақсы болыпты деген пікірді желеу етіп жүр.  Мәселен, "Елбасы Назарбаев" деп аталатын TikTok арнаның Назарбаев тарапына түсірілген видеолары миллиондап қаралым жинап үлгерген.

Парақшадағы видеолардың бірінде "халық Назарбаевқа шүкіршілік жасай алмағаны" айтылады.

Сонымен қатар, Ресейлік арнада Қазақстанға қарсы провокация жасалды. Ресейлік телеарнада Қазақстан жайлы екі сериалы фильм шықты. Фильмде Қазақстанда "русофобия" бары, ел билігі Батыстың марионеткасы екені айтылады. Фильм авторы - Ресейдің Мемлекеттік думасының депутаты Андрей Луговой. Ол Кремль тапсырмасы бойынша 2006 жылы ресейлік саяси эмигрант Александр Литвиненконы улағанымен белгілі.

Фильм мазмұны бойынша, Ресейдің Украинаға қарсы айтылған тезистері қолданылған: Қазақстанда фашизм және "русофобия" бары, ел билігі Батыстың марионеткасы екені және Ресейге қарсы қастандықтың айналасында жүргені айтылады.

22 минутқа созылған фильмде Қазақстан Батыстың шикізат колониясына айналып бара жатыр деген ой айтылады. Тіпті қазақстандық блогер Анастасия Ахметовадан пікір алған. Блогер Қазақстан билігі – Батыстың агенттері деп айтады. Оның сөзінше, Қазақстанның мақсаты – елдегі бар байлықты сатып, елді Африкаға айналдыру.


Рекомендовать
Последние новости