Бірнеше өңірдегі су тасқыны бойынша 4 іс қозғалды

Көркем Алдабергенова 23 апр. 2024 09:33 7525

Қаржылық мониторинг органдары су тасқынына байланысты төрт іс қозғады, - деп хабарлайды Dalanews.kz

Қаржылық мониторинг агенттігі гидротехникалық нысандарды салуға бөлінген қаражаттың жұмсалуын тексеретін болады. Осылайша, қаржылық мониторинг органдары Алматы қаласында, Ақтөбе, Қызылорда және Ұлытау облыстарында жымқыру белгілері бойынша төрт іс қозғады.

5 адам күдікті деп танылды. Залалдың жалпы сомасы 1 млрд теңгеден асты.

Сонымен қатар, алдын-алу жұмыстары зардап шеккендерге көмектесу үшін ақша жинауды жариялайтын алаяқтарға қарсы тұруға бағытталатын болады.

Бағаның өсуіне жол бермеуге ерекше назар аудару тапсырылды.

Ол үшін азық-түлік, ауыз су, дәрі-дәрмек және басқа да қажетті заттар бағасының мониторингі жалғасатын болады.


Рекомендовать
Последние новости