Бозторғайдың жұмыртқасы

Dalanews 17 нояб. 2014 01:19 1802

[caption id="attachment_8408" align="alignleft" width="234"]1391675_431202357002666_38892806_n Жарас Кемелжан[/caption]

Бозторғай деген құс бар. Жұдырықтай ғана. Әуеде бір нүктеге байланып ән салады. Бала күнімізде жұмыртқасын көп шақтық. Үлкендер: "Бозторғайдың жұмыртқасына тимеңдер, Бетің шұбар болады" деуші еді. Сонда да қайтпаймыз. Қай дөңде, қай сайда осы сұп-сұр торғайдың ұясы бар? Бүкіл ауыл баласы ағам екеумізден сұрайтын. Неге екенін білмеймін, осы бір әнші құстың ұясын белгілеп, күнде сабақтан кейін соны бір көріп кетуші едік...
Бір күні мен белгілеп, бағып жүрген бір ұяны көршінің баласы байқап қалыпты. Әлгіден қызғанып бозторғайдың 5 тал жұмыртқасын қалтама салып үйге әкелдім. Үйге кіре бергенімде үйдің кенжесі - кіші інім жүгіріп келіп бас салды. Көтердім. Қалтамдағы құстың жұмыртқасын ұмытып кетіппін. Бір кезде шешем: "Балам, қалтаңнан не ағып тұр?" - дейді. Қарасам, бармақтың басындай жұмыртқалар сынып, сап-сары май ағып тұр.
Анам ашуланғанда, тентектігімізді кешірмейтін, аямаушы еді. "Ақымды" берді.
Қайсы күні інімнің қызы шешемнің жиып жүрген бар жұмыртқасын біріне бірін соғып, жарыпты. Үсті-басы сарала-сатпақ. Анам мәз болып қарап тұр. "Жар, ұр. Бетіңе жақ" - дейді. Мен осыдан жиырма жыл бұрынғы "Бозторғайдың жұмыртқасы туралы" оқиғаны, алған "сыбағамды" айтып бердім. "Балам, немерелі болғанда білесің" - деді де қойды.


Рекомендовать
Последние новости