Боранбаев мемлекетке тағы ақша қайтарады

Көркем Алдабергенова 02 мар. 2024 09:58 4370

Қайрат Боранбаев мемлекет қазынасына тағы да ақша қайтаруы мүмкін, - деп хабарлайды Dalanews.kz

Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов айтты.

"Қазіргі уақытта Боранбаевқа қатысты оның сот үкімі бойынша сотталғанын және келтірілген залалды өтегенін білесіздер. Бұдан бөлек, ол бюджетке қосымша 120 миллиард теңге берді.

Қазіргі уақытта оның тарапынан бюджетке қосымша тағы да қаражат өтеу жағы қарастырылып жатыр.

Өйткені басқа да қылмыстық істер: жеке тұлғаның салық төлеуден жалтаруы және ұрлық бар. Осы істер аясында қазіргі уақытта активтерді қайтару бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр", - деді ол.

Агенттік өкілі нақты қандай сома туралы әңгіме болып тұрғанын нақтылап айтпады.


Рекомендовать
Последние новости