БЖЗҚ активтері осымен үшінші ай қатарынан табыс әкелмеуде

Кәмшат Тілеухан 07 апр. 2025 10:38 256

БЖЗҚ-дағы зейнетақы активтерінің инвестициялық кірістілік көрсеткіші осымен үшінші ай теріс мәнді көрсетіп отыр. 2025 жылдың үш айында БЖЗҚ-дағы зейнетақы активтерінің кірістілік деңгейі минус 1,97%-ды (бір ай бұрын: -1,64%) құрады, деп хабарлайды Dalanews.kz қор дерегіне сілтеме жасай отырып.

Осы кезеңге белгіленген жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары бойынша кірістілік те теріс мәнге ие (-7,73%). Бұл ретте қаңтар-наурыз айларында инфляция көрсеткіші 3,9% -ды құрады.

2025 жылдың екі айында БЖЗҚ салымшылары 370,56 млрд теңге жоғалтты. Негізінен, қор алдағы екі айдағы теріс мәнді доллар сынды шетел валютасындағы активтер құнының сәл төмендеуіне байланысты туындағанын, оның уақытша құбылыс екенін айтқан еді. Қор бұл ретте кем дегенде бір жыл кезеңіндегі инвестициялық кірістің мөлшеріне баса мән беруге шақырып, апта сайынғы және айлар бойынша деректер нарықтағы жағдайларға байланысты өзгеріп отыратынын ескерткен.

Соңғы 12 айда, яғни 2024 жылғы наурыздан 2025 жылғы ақпан аралығындағы инвестициялық кіріс мөлшері шамамен 2,7 трлн теңгені құрады.

Бұған дейін сайтымызда "Зейнетақы салымшылары жыл басынан бері 370,6 млрд теңгесін жоғалтты. БЖЗҚ мен Ұлттық Банк не дейді?" деген мақала жарияланған болатын. Сонай-ақ қаңтарда БЖЗҚ шығынға ұшырап, қазақстандықтардың шотындағы ақша күрт азайғаны хабарланған


Рекомендовать
Последние новости