Қожа рөлін сомдаған Нұрлан Сегізбаев ауыр дертпен арпалысып жатыр

Қаракөз Амантай 07 апр. 2025 10:09 647

“Менің атым Қожа” фильміндегі басты кейіпкер – Қожаны ойнаған Нұрлан Сегізбаев ауыр дертпен күресіп жатыр. Бұл туралы журналист Жанар Канафина мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

“Актерге созылмалы обструктивті өкпе ауруының (ХОБЛ) 4-ші дәрежесі диагнозы қойылған. Дәрігерлер оның 6 ай ғана уақыты қалды деп отыр.

Қазір 75 жастағы Нұрлан Санжарұлына шұғыл түрде қаржылай қолдау қажет. Ол бұрын журналистика факультетінде ұстаздық еткен. Алайда денсаулығына байланысты жұмыс істеуге мүмкіндігі жоқ. Тыныс алу құрылғысын күніне 14 сағат бойы пайдалануға мәжбүр”, — деп жазды ол.

Соған қарамастан, Нұрлан аға өмірге деген құлшынысын жоғалтпаған. Журналист Жанар Канафинаның айтуынша, ол жуырда сұхбат беріп, композитор Нұрғиса Тілендиев туралы жүрекжарды естеліктерімен бөліскен.

“Ескі гвардия ешқашан ұятқа қалдырмайды”, — деп жазды Жанар Канафина.


Рекомендовать
Последние новости