Біртанов: "Сыртқа шықпаңыздар. Үйде отырыңыздар"

Dalanews 14 мар. 2020 03:55 969

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов елге той-томалақ, жүздесулерге бармай үйде отыруға кеңес берді деп хабарлайды Dalanews.kz. 

"Жерлестер, әзіргі ахуал ауыр, алайда біз қиындықтан қашпаймыз. Қазір біздің дәрігерлерге сіздердің қолдауыңыз қажет. Олар аса ауыр жұмыс атқаруда. Дәрігерлер ғана емес, шекара қызметі, полицейлер де оттың ортасында жүр. Олар осы індеттің тұзағына түспесін деп тілейік", - деді министр Орталық коммуникация қызметінде өткен жиында.

Біртанов халықтан үйде отыруды сұрап, тазалық шарасын сақтауды өтінді. 


"Мүмкіндігінше кездесу, әртүрлі іс-шара, той-томалаққа бармағандарыңыз жөн. Үйде отырыңыздар. Үйде де ермек көп.  Кітап оқып, кино көріңіздер. Сіздерге айтарым осы, соған құлақ асуға тырысыңыздар. Сол кезде бар мәселе шешімін табады. Індеттің де беті қайтады", – деді Біртанов.

Бұған дейін тағы бір қазақстандықтың қауіпті індетке шалдыққаны хабарланған. Ол 13 наурызда Германиядан ұшып келген. Қазір ол Алматыдағы көппрофильді мед.орталықта ем-дом алуда.

Осылайша коронавирус жұқтырған қазақстандықтардың саны - 5-ке жетті, олардың біреуі әлі Германияда, елге оралған жоқ. 


Рекомендовать
Последние новости