“Бірнеше тексерістен өтті”. Сапаров туыстарына тиесілі жер телімдері туралы айтты

Қаракөз Амантай 23 окт. 2024 11:08 2377

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Солтүстік Қазақстан облысында туыстарына тиесілі жер телімдері мен олардың мемлекет тарапынан субсидия алғаны туралы ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Айтуынша, барлық әрекет заңды түрде жүзеге асырылған.

“Ол кісілерде жер телімдері бар, бірақ бәрі заңды түрде алынған. Бірнеше тексеруден өтті, олардың нәтижелері бар. Менің бұл мәселені қадағалауға уақытым жоқ, олар өз бетімен жұмыс істеп жатыр. Ол да ауыл, бір ғана машинасы бар. Ешқандай шағым түскен жоқ”, – деді Сапаров.

Сонымен қатар БАҚ өкілдері тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қозғалғаны туралы сұрақ қойылды. Министр бұл ақпаратты жоққа шығарып, “Ешқандай іс қозғалған жоқ” деп қысқа жауап берді.

Айта кетейік, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі болған Сапаров 2023 жылғы 4 қыркүйектегі ҚР Президентінің жарлығымен ауыл шаруашылығы министрі қызметіне тағайындалған еді.

Бұған дейін ол Үкімет отырсынан кейін БАҚ өкілдерінен ескерту естіп қалған еді.

Журналист тиісті ведоство басшысына шегіртке мен ақбөкеннен келген шығын туралы сұрақ қойған. БАҚ өкілі шегіртке биыл егінге қаншалық шығын келтіргенін анықтамақ болған.

"Шегіртке мен киіктерді салыстырмайықшы. Себебі екеуі бөлек. Әзірше шегірткеден шығын келген жоқ. Егер шығын келсе... Алло, рұқсат па?" - дейді министр.

Ыңғайсыз жауап берген шенеунікке журналистер ескерту де жасаған.

"Неге өзіңізді бұлай ұстайсыз?" - деді БАҚ өкілдерінің бірі.

"Мен өз адамдарыма айтып жатырмын. Сізге айтқан жоқпын. Кешірім сұраймын", - деп ақталды Айдарбек Сапаров.


Рекомендовать
Последние новости