Бейсембаев Аймағамбетов жасап кеткен жүйені өзгертіп жатыр - сарапшы

Көркем Алдабергенова 01 авг. 2024 11:46 5660

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов министр қызметінде жасап кеткен жүйені өзгертіп жатыр. Бұл туралы білім саласындағы өзекті проблемаларды көтеріп жүрген маман Аятжан Ахметжанов айтты, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Аятжан Ахметжанов Бейсембаев қандай өзгерістер жасап жатқанын айтты.

"Аймағамбетов оқушыны қаланың ішінен, бір өңірден тоқсан үзілісінен басқа уақытта ауыстырмау туралы норма қойып тастады. Биыл оны Оқу ағарту министрлігі алып тастады. Ол не үшін істелді? Мысалы жекеменшік мектептер әр айдың 15-і мемлекетке оқушылардың тізімін өткізеді. Ал негізі жекеменшік мектептер қарапайым мектептен оқушыны әкеліп, он күн тізімге қосып, қайтадан қайтарып жібереді. Оны баланың ата-анасы да білмей қалады. Осындай жемқорлық фактілері туады. Тәртіпке келіп қалып едік. Ал біз тәртіпті алдық та, қайтадан «бардак» болды. Заңмен бірінші сыныпқа қабылдауды 31 шілдемен аяқтайтын етіп тастады. Оны алып 31 тамызға қайтадан сырып тастады.

Бұл не деген сөз? Жұрт 31 шілдеге дейін құжатын тапсырып бітеді, тамызда бір ай мектеп директоры оқулығын, кабнетін, мұғалімді дайындайды. Енді қалада тамыздың соңына дейін директор не болатынын білмей отырады. Сосын бала бірінші сыныпқа келгенде не оқулық жетіспейді, ал артық оқулық алып қойса мемлекет «қаржыны тиімді пайдаланбадың» деп қысады. Бұл қоғаммен отырып талдайтын тақырып емес, себебі түсінбейді. Оны директор болған адам түсінеді.

Министр дұрыс күйге түскен дүниені құртып жатса қалай дұрыс бағалайсың? Мұғалімдердің қауымдастығы 1,5 жыл былығып тұрды. Мысалы сарапшы болғың келді бола алмайсың, себебі министрлік дайын емеспіз деп отырды. Былығып жатыр. Министр қайда? Мен Аймағамбетовті мақтасам ренжуі мүмкін. Пиар үшін істеді деуі мүмкін, істей берсін, бастысы жұмыс істесін», - дейді Айтжан Ахметжанов Kultobe арнасына берген сұхбатында.


Рекомендовать
Последние новости