Белорусь мұнай экспортына қатысты дауға Қазақстанды араластырмай бөлек шешуге ниетті

Dalanews 26 янв. 2020 09:14 918

Соңғы күндері қазақ қоғамында Қазақстан мұнайын Белорусь мемлекетіне экспорттау ісіне Ресейдің кедергі келтіріп отырғанын жұрт қатты талқыланған болатын. Енді бұл істі Белорусь басшылығы Қазақстанды араластырмай ресейлік әріптестерімен бөлек талқылайтын ҚР Энергетика министрлігі мәлімдеді. Бұл жайында Dalanes.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап хабарлайды.  

ҚР Энергетика министрлігі Қазақстан мен Белорусь мемлекеті арасындағы мұнай және мұнай өнімдерін саудалау ісі жүйелі түрде талқыланып жатқаны мәлім болды.

– Қазақстан мұнайын Ресей аумағы арқылы Белорусь еліне жеткізу мәселесін белорустар Ресей тарабымен талқылап жатыр, – деп хабарлады ҚР Энергетика министрлігі.


Естеріңізге сала кетейік Қазақстан мен Белорусь тарабы мұнай тасымалдау ісін 2019 жылдың күзінен бастап сөз бола бастаған болатын. Сол кезде екі жақты келісімге 2019 жылдың аяғына дейін қол қойылады деп күтілген еді. Бірақ одақтас екі елдің бұл ойы іске аспай қалғаны белгілі.

Тараптар мұнайды Ресей территориясы арқылы тасымалдау үшін ресми Мәскеудің келісімі керек екенін айтқан болатын. Сол кезде Қазақстан Белорусь еліне жылына 1-3,5 млн тонна мұнай мен мұнай өнімдерін тасымалдауы мүкін екені жайында ақпараттар тараған-ды.


Биыл 21 қаңтарда Белорусь президенті Александр Лукашенко Қазақстан мұнайын өз еліне тасуға Ресей келісмін бермей отырғанын айтқаннан кейін, жұрттың назарын аударған болатын. Әзірше бұл мәселенің түйіні қашан тарқайтыны белгісіз.

 

Рекомендовать
Последние новости