Жалған ақпаратқа сеніп қалмаңыздар!

Dalanews 26 янв. 2020 16:53 962

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2020 жылы халықтың банктер алдындағы несиелік борыштық жүктемесін төмендету үшін қосымша қаражат сұрағаны туралы БАҚ-та жарияланған ақпараттың жалған мәлімдеді, – деп хабарлайды Dalanews.kz ақпарат агенттігі.      

Қазақстан азаматтарының банктер алдындағы борыш жүктемесін төмендету 2019 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша жүргізілді және бір реттік акция болды.


Аталған акция өткен жылы аяқталды, оның қорытындысы бойынша жалпы сомасы 115 млрд теңгеге 554 мың адам үшін кепілсіз тұтыну кредиттері бойынша берешектер өтелді. Әлеуметтік желі мен кейбір ақпарат құралдарында мұндай акция 2020 жылы да қайталанады деген қауесеттің жалған екенін министрлік хабарлады. Жалған ақпаратқа сеніп қалмаңыздар!

 

Рекомендовать
Последние новости