Бельгиялық жабдық «Яссы» құс фермасының жұмысын екі есеге арттырды

Dalanews 07 авг. 2018 11:11 1197

Түркістан қаласындағы жұмыртқа өндіру бағытында жұмысын жүргізіп жатқан «Яссы» құс фермасы екінші кезеңін іске қосты. Онда бельгиялық «Вали» фирмасының құрал-жабдықтары орнатылған. Бұдан бөлек, фермаға 30 мың дана голландиялық «Декалб» тұқымды шөжек әкелінді.

2016 жылы италяндық «Факко» фирмасының құрал-жабдықтарымен бірінші кезеңін іске қосқан жеке кәсіпкер А.Сыздықов германиялық «Ломан ЛСЛ» тұқымды 18 мың дана тауық өсіріп, күндігіне 16 мың дана, ал жылына 3,5 млн жұмыртқа өндірген.

Бүгінде кәсіпорынның ауқымы кеңейіп, жылдық өнімі 6-7 млн дана жұмыртқаны құрап отыр. Құс фермасының жалпы жер көлемі 15,0 гектар. Мұнда тәжірибелі ветеринар мамандар мен қатар 18 жұмысшы еңбек етеді.

Германия технологиясы бойынша жұмыс істейтін бұл өндіріс қазір қала тұрғындарын сапалы өніммен қамтамасыз етіп отыр. Мұндағы тауықтардың азығы ферманың өзіне тиесілі салынған шағын азық сақтайтын қоймада дайындалады. Қоспалы азықты дайындайтын арнайы соңғы үлгідегі техниканы да алдырып, бүгінде қоспалы жемді өздері әзірлеуде. Сапалы өнім алу үшін құстарға арнайы дәрумендер беріледі. Пайдалы қоспалар арнайы тапсырыспен алдырылады.

 

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Рекомендовать
Последние новости